Лейла Махат – кәсіби қылқалам шебері, ол Чехиядағы бейнелеу өнер академиясының құрметті мүшесі, Еуропа көркемөнеріне сіңірген еңбегі үшін Франц Кафка медалімен марапатталған. Оның туындылары тек елімізде емес, шетелдегі бірқатар мұражайларда сақтаулы.
Отбасыммен Түркияда тұрғанымда, Иракта соғыс жүріп жатты. Түрік әскері шекараны күндіз-түні бақылап тұрды. Кез келген күні соғыс қимылдары басталып кетуі мүмкін еді. Анкарадағы атмосфера тым ауыр, әрі адамдарды басқа жақа көшіріп жатқан абыр-сабыр кез болатын. Сол уақытта мен көрікті Ақмарал қыздың картинкасымен айналысып жатқам. Жұмыс бітіп тұр, тек соңғы сызықтарында тұрып қалдым... Әйтеуір, осы жұмысыма бір нәрсе жетпей тұрғандай, көңілімді ауыр бір сезім басты да тұрды. Содан кейіпкерімнің қолына майлы бояумен көгершінді салдым. Майдың кебуі қиын. Бірақ, бір күн өтпей жатып, картинамның дайын болғанын байқадым. Осы сәтте жолдасым көрші елдегі ахуалдың бір қалыпқа түскенін жеткізді. Көгершін бейбітшіліктің белгісі емес пе? Ол менің картинамда ойда-жоқта пайда болып, әлемге тыныштық сыйлады.

This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website